Ауыл халқы үшін жағымды жаңалық! 15 сәуірден бастап елімізде «Ауыл аманаты» жобасына құжат қабылдау басталады. Бағдарлама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің барлық аймағында пилоттық түрде іске қосылды. Түркістан облысында жобаны іске асыру үшін аймақтағы жұмыссыздар саны көп, табысы аз, дамуы төмен 32 елді мекен таңдалған. Олардың арасында Ордабасы ауданына қарасты Шұбар және Бадам ауылдары бар. Ауданның 70-тен астам тұрғыны тиісті қаржы ұйымына несие рәсімдеу үшін құжаттарын өткізіп үлгерген. Екі ауылда да сүтті ірі қара алуды несиелендіру мен мал бордақылау бағытына басымдық беріліп отыр.