"Жағдайды түзетуге 1 ай уақыт беремін". Ордабасы және Отырар аудандарына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті шенеуніктерге осылай ескерту жасады. Себебі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар негізгі көрсеткіштер былтыр орындалмаған. Облыс басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып, жауаптылардың салаға салғырттығын қатаң сынға алды.