Орманшылар дабыл қағуда

Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватында «өртенген ағаштарды тездетіп санап, кесу қажет» дейді мамандар.  Себебі, күйік шалған талдардың  діңіне түскен түрлі зиянкестер сау тұрған ағаштарды да құртуы мүмкін.   «Семей орманына» қарасты Талица орманшылығында 11 мың гектар алқап өртенген.  Мамандар  мұнша аумақты қалпына келтіріп  үлгеремейміз бе деп алаңдайды. Өйткені жанып кеткен ағаштарға түскен жәндіктер сау тұрған жасыл-желекке қауіп төндіріп отыр.   АЛЬФИЯ МҰРТАЗИНА – "СЕМЕЙ ОРМАНЫ" ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ  "Зиянкестердің кесілген ағаштарда пайда болғанын көріп тұрмыз. Дернәсілдердің ізі байқалады. Олар бұл жерден шығып, маңайындағы сау ағашты бүлдіруі мүмкін". Десе де орманшылар қаңтар айынан бері 2800 текше метр ағаш дайындаған. Өрттен кейін 4500 гектар алқаптағы ағаш тізімге алыныпты. ДӘУЛЕТ БАЙБОЛАТОВ – "СЕМЕЙ ОРМАНЫ" ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ТАЛИЦА ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ "Біз 1500 текше метр ағашты белгілеп, санап қойдық. Енді соны кесіп, дайындап, сатылымға шығарамыз".   Қазір өртенген қарағайды кесу резерваттағы үш филиалда қатар жүргізілуде. Бұл мақсатта 12 өндірістік бригада құрылып, ағаш дайындауға 24 техника мен 50 адам жұмылдырылған. Жалпы алғанда Абай облысының орманшылары 60 мың гектардан аса аумақтағы ағашты кесіп, өңдеуі тиіс. Өйткені былтыр жазда дәл осы көлемдегі орман алқабын алапат өрт шарпыған болатын.

Читать источник turkistan.tv
Телефоныңыз тыңдала ма? Тексеріп көріңіз!
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Орбан Нетаньяхуды қауіпсіздік кепілдігімен Венгрияға шақыруды жоспарлап отыр
ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашы сәби дүниеге келді
Анамды жұмыс істетпеймін, бар жағдайын жасадым – Абиба Әбужақынова
Қасым-Жомарт Тоқаев Патриарх Кириллді Астанада өтетін Дін лидерлерінің VIII съезіне шақырды
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
“Суық пен аштықтан қиналып қалдым“: жасөспірім тауға шығып, түсе алмай қалған
Түркістан облысында әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің соты ашық өтеді
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Конор МакГрегор сексуалдық зорлық ісі бойынша кінәлі деп танылды
Орбан Нетаньяхуды қауіпсіздік кепілдігімен Венгрияға шақыруды жоспарлап отыр
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Сібір жарасын жұқтырды»: Атырауда қасапшы ауруханаға түсті
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Алматы облысында тауда адасқан жасөспірім құтқарылды
Мұғалімдер сынып жетекшісі болғаны үшін қанша теңге алады?
Ресей Солтүстік Кореяға мұнай беріп, қару-жарақ пен сарбаздар алып отыр
Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады