От жағып, самаурын қойғандар ұсталды. 16 маусым күні Түркістан қаласының үш азаматы Қызылшаруа орманшылығында табиғат аясына шыққан. Самаурын қайнату үшін от жаққан олар соның салдарынан үш шаршы метрге жуық аумақты отқа орай жаздаған. Абырой болғанда, азаматтардың бұл әрекетін дер кезінде байқаған орманшылар тілсіз жауды өшіріп үлгерген. Ал, от жағамын деп орманды өртеп жіберуге шақ қалғандарға хаттама толтырылып, түсініктеме алынды. Сала мамандары мұндай оқиғалар орын алмас үшін ержелерді сақтау қажет дейді.