Тілсіз жаудың алдын алған жөн. Бүгін көп қабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігіне байланысты оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Бұл төтенше жағдайлар басқармасының осы аптада өткізілген үшінші шарасы. Басты мақсат - жеке құрамының өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады. Оқу жаттығу жиынына төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамынан 20 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, шарада 4 өрт сөндіру көлігі мен басқа да техникалар пайдаланылды. Мұнда құтқарушылар жедел қимылдап, апаттың алдын алуға қабілетті екендіктерін көрсетті. Ғимараттағы қызметкерлер мен келушілер дабыл қосылғаннан кейін жылдам сыртқа шықты. Бұл олардың өрт болған жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтағандарын білдіреді. Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан қаласы бойынша 119 өрт оқиғасы орын алған. Оның көпшілігі көпқаббаты тұрғын үйлерде орын алған.