Елде болған осы жағдай ортақ мәселеге арқау болды. Өйткені елімізде қазіргі уақытта дәрігерлерді қорғайтын арнайы заң ережесі жоқ екен. Мұны күні кеше сенаторлар да айтып, денсаулық сақтау қызметкерлеріне кедергі келтірмеу үшін олардың мәртебесі әскер және полициямен теңестірілуі керек екенін жеткізген болатын. Өйткені расында жедел жәрдем қызметіне адам жаны қысылғанда жүгінеді. Дер кезінде жасалған көмек талай жанның ғұмырын сақтап қалады. Алайда ақхалаттылар өз құқықтарын қалай қорғайды? Дәрігерлердің бір күндік жұмыстарымен тілшіміз танысып келді.