Күн жылына бастағаннан кенелер де жыбырлап оянады. Түркістан облысында былтыр 1623 адамды кене шағып оның 13-інің ауруы зертханалық расталған. Ал 1 науқас көрсетілген ем-шараларға қарамастан қайтыс болған. Мамандар сондықтан да тұрғындарды жеке қорғаныс шараларын қатаң сақтауға шақырады. БАХТЫОРАЗ ЕЛЕМЕСОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Жеке қорғаныс шараларынан басқа, ауладағы қоқысты шығарып отыру, үй жануарларының жүнін арнайы құралдармен тазалау аса маңызды. Ал өз кезегінде жауапты мамандар аурудың алдын алу үшін облыста жыл сайын кенеден өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Биыл бұл жұмыстар наурыздың 26-на басталғалы отыр. ҚАСЫМБЕК ТӨРЕГЕЛДИЕВ - “ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ” ШЖҚ РМК “ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕЗИНФЕКЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ” ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ