Отырар ауданының денсаулық сақтау саласы 2 жедел жәрдем көлігімен толықты. Бұған дейін тұрғындар ескі жедел жәрдем көліктері жиі бұзылып, медициналық қызметті дер кезінде ала алмайтынын айтып шағымданып келген еді. Айта кетерлігі, «LADA LARGUS» автокөлігі заманауи үлгіде жабдықталған. Бүгінде емхана дәргерлерімен бірге ауыл халқы жедел жәрдем көліктерінің берілуіне дән риза.