30-дан астам қой ұрлаған күдіктілер ұсталды. Сауран ауданы тұрғынының қорасынан түнгі уақытта 33 қой ұрланған. Күдіктілер төрт түлікті автокөлікке тиеп, мал базарына сатқан. Тапқан қаржысын 22 және 25 жастағы екі азамат теңдей бөлісіп, бас пайдаларына жаратқан. Жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде шығын келді. Тергеу барысында күдіктілердің бірі бұрын сотты болғаны анықталды.