Түркістанда "Ozgeepic" хабының ұйымдастыруымен еркін форматтағы кітап талқылау алаңы ашылды. Алғашқы жиын Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабына арналды. Басқосуға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиналған. Қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қоғам қайраткері туралы шығарманы оқыған азаматтар қатары көп екен.