Пәкістан-Ауғанстан шекарасында атыс болды. Оқиға Пәкістанның Торхун қаласы маңында тіркеліпті. Екі жақтың шекара қорғау қызметтері неліктен аяқ-асты бір-біріне оқ жаудырғаны белгісіз. Алайда, қазір екі тарап та шекараға қосымша күштер жөнелтті. Мұның зардабын екі ортада жүк тасымалдап жүрген кәсіпкерлер мен туристер тартуда. Олар шекара жабылғандықтан, енді не істерін білмей отыр. Ұзақ тұра беруге азық-түлік те қалмады дейді. Бұдан екі күн бұрын Пәкістан Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Анваар Уль-Хак Кахардың Талибанда АҚШ қалдырған қаруы көп деген сөзінен кейін шекара жабылып қалған еді.