Пәкістан астанасы Исламабадта мыңдаған адам шеруге шықты. Мақсат – Палестина халқына қолдау білдіру. «Газа маршы» атты митингке жиналған жұрт Палестинаның туын ұстап, Израильге қарсы ұрандар көтерді. Ал, демонстранттар Пәкістан үкіметін палестиналықтарға көмектесуге шақырды. Айта кетсек, мұндай акциялар соңғы күндері әлемнің бірталай елінде өтті. Австралияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда, Араб елдерінде, Жаңа Зеландияда және тағы басқа мемлекеттерде өткен шерулерге жүздеген мың адам қатысып, Израильден Газаны бомбалауды тоқтатуды талап етті.