Павлодарда 53 млнға салынған мұз қалашығы еріп кетті. Мұзды қалашықты салар алдын әкімдік барлық Сығанақ ертегі кейіпкерлерінің болатынын айтқан. Одан бөлек түгел қаланы безендіру үшін 80,5 млн теңге жұмсапты. Алайда толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуынан мұз қалашықтың ізі де қалмады. Ал, ауа райын болжау орталығы өңірде қыс қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасапты. Алдағы уақытта да күн жылымаса, суитын түрі жоқ. Осылайша 185 млн-ды жаңа жылды тойлауға жұмсаған әкімдік ауа райымен ақылдаспайтын қала деп сынға ілігіп отыр. Ал бұл сұраусыз жұмсалған ақшаға құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасап, тексеру жүргізбек.