Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Мәжілістің жалпы отырысында жаңа заң жобасы таныстырылды. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. онда суицидты насихаттау немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ескерілген. Бұған қоса, балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей-ақ, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар бар. Алдағы уақытта депутаттар осы құжат жобасын жан-жақты талқылайтын болады.