«Салауатты болашақ» пилоттық жобасы еліміз бойынша тұңғыш рет Түркістаноблысында жүзеге асырылмақ. Түркістан облыстық прокуратурасы және облыс әкімдігінің бастамасымен қолға алған Жобанының ақпараттық жүйесін іске асыру Рухани астанамыздан басталды. Басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмаған жастарға қарсы жасалған құқық бұзушылықтарды азайту және алдын алу. Сондай-ақ, олардың құқықтарын қорғауға мүдделі органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.