Шымкентте «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы болып жатыр. Акцияның екі күнінде полиция қызметкерлері мен атқарушылық іс жүргізу органдарының мамандары берешегі бар көлік жүргізушілерінен 20 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алған. Сондай-ақ қарызын өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, 119 автокөлік айыптұрағына қойылды. Мәселен, күні кеше Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігі тоқтатылып, жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның көлік жүргізу құқығынан шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталды. Көлік бірден айыптұраққа қойылды.