Бүгін премьер-министр «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына бөлінген қаржыны игере алмай отырған облыс әкімдерін сынға алды. Өйткені биыл 800 ауылды көркейту үшін қомақты қаржы бөлінген. Десе де кейбір өңір әкімдіктері сол қолда бар ақшаны уақытында игере алмай отыр. Мәселен, әкімдіктер істі созбалаңға салған соң Ұлытау облысында 4 ауылға қарасты аурухана әлі күнге дейін салынып бітпеген. Ал Солтүстік Қазақстандағы Мүсірепов ауданында небары 53 шақырым жолдың құрылысы былтыр аяқталуы керек еді. Алайда жұмыстың жартысы әлі аяқталмаған. Жалпы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына соңғы 3 жылда 326 миллиард теңге бөлініпті.