2030 жылға қарай елде 3,3 млн адам жұмыспен қамтылады. Олардың 2,2 миллионы жастар болады. Президент Үкімет пен әкімдіктерге осындай тапсырма жүктеді. Бүгінде әр аймақтың жұмыспен қамту картасы бекітілген. Оған сай жылына шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Бұл мақсатқа бюджеттен 130 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ аймақтарға жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 40 млрд теңге бөлініп отыр. Президент әкімдерге бұл жұмыстардың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруды тапсырды.