Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барды. Онда мемлекет басшысы заман талабына сай жаңғырған Нағи Ильясов ауылында болып, бірқатар нысандарды аралап көрді. Еңбек адамдарымен жүздесіп, Қызылорда облысының дамуына баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, күрделі геосаяси ахуал кезеңінде Қазақстанның өркендеуі жолында елімізді бірлік танытып, еңбек етуге шақырды.