Биыл алғашқы алты айда елімізде 44,7 миллион тонна мұнай және 30,1 милииард текше метр газ өндірілді. Бұл жөнінде бүгін мемлекет басшысының қабылдауында болған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Ведомство басшысы президентке елдегі отын энергетика кешенінің биылғы даму жайын баяндаған. Елімізде электр қуатын өндіру көлемі 60,4 милиард Квт сағатқа жеткен. Сондықтан тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа бағыт қажет. Алмасадам Сәтқалиев осы ретте қолға алынған жобалар жайын түсіндірді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындықты пысықтады. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.