Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның пленарлық отырысына қатысты. Елордада өтіп жатқан жиында президент қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық жүйесін жетілдіру ісінде Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор екенін атап өтті. 70-тен астам мемлекеттен келген делегат мүшелері қатысқан жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды. Сондай-ақ, еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға арнайы тоқталды.