Бүгін – Құтқарушы күні. Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен Президент құттықтады. Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында «Қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!», – деп жазды. 1995 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушы күні болып бекітілді.