Аяз аямады. Еліміздегі жылу орталықтары сарышұнақ аязға төтеп бере алмай жатыр. Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрғындар жылусыз қалды. Жағдайға ел Президентінің өзі назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдеріне жағдайды шұғыл реттеп, халықты тез арада жылумен қамтуды талап етті.