Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Ол ел президентіне ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды. Былтыр 11 өңірде 112 елді мекен газға қосылған. Нәтижесінде қосымша 213 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.