Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Одре Азулені қабылдады. Басқосуда Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени және тарихи мұраларды сақтау, білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту ісіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, оның ЮНЕСКО Бас директоры ретіндегі көшбасшылығын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталған қызметіне қолдау көрсететінін атап өтті. Ал, Одрэ Азуле қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтты.