Республикалық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу қорытындысы жарияланғанын мәлімдеді. Ұлттық комиссия отырысына барлығы 100 кандидат жіберілді. Соңғы іріктеу кезеңінен өте алмаған 50 үміткер өңірлік кадрлық резервке қабылдауға ұсынылады. Ал 50 адам резервке алынды. Енді бұл азаматтар саяси лауазымдарға, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық қызметтеріне тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл. Бұған дейін Президенттік жастар кадрлық резервіндегі бір орынға 128 қазақстандықтың өтініш білдіргені хабарланған болатын.