Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттары келіп түсті. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында халықтарымыз арасындағы достық қатынас нығайып келе жатқанын айтып, Қазақстан халқына бақ-береке тілеген. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров осынау қасиетті күнде достас Қазақстан халқының барлық арман-ниеті орындалуына тілектестік білдіреді. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулық, зор бақыт Қазақстан халқына бейбітшілік пен тұрақтылық тілеген. Құттықтау хаттарының арасында өзге де мемлекет басшылары мен мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттары бар.