Түркістан облысында 2 мыңнан астам адам пробация есебінде тұрады. Оның 170-ке жуығы Шардара ауданында тіркелген. Бүгінде түзету мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу үшін жүйелі іс жүргізіліп келеді. Мәселен жыл басынан бері 16 тұрғын жұмысқа орналасып, бүгінде тұрақты жалақы алып отыр.