Биыл Түркістан қаласында 20 инвестициялық жоба басталса оның, 12-сі аяқталуға жақын. Тағы 8 жоба келер жылы толықтай жүзеге асады. Кәсіпкерлерді заң аясында қорғау үшін қалалық прокуратура инвесторларға құқықтық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін арнайы отырыстар ұйымдастырылды. Шараға біздің әріптесіміз Нұрдәулет Сыздық та барды.