Түркістан облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар мен жеңіс күнін салтанатты түрде атап өтті. Шара барысында қан майданда жаумен арпалысып қана қоймай, Қазақ КСР прокуратурасында қызмет еткен ардагерлердің өмірбаяндары оқылды. Ал, жеке құрамдағы әйелдер ерлерге тосын-сый ретінде мерекелік ән-шашу арнады. Тағы бір атап өтер жайт, бүгінгі шарада Кеңес Одағы кезінде Шымкент қалалық прокуратурасында қызмет еткен ардагер Өтеген Сейітовті еске алуға арналған студенттер арасындағы дебат пен эссе конкурстардың жүлдегерлері марапатталды. Келе жатқан Ұлы мерекелерге орай, бірқатар прокурорларға кезекті шендері де берілді.