Елімізде осыдан бірнеше жыл бұрын ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткені белгілі болды. Жүргізілген тексеру барысында активтердің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткені анықталды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды. Үкімет басшысының төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды.