Сауран ауданының Сауран ауылында жаңа мешіт ашылды. Құлшылық үйі 300 адамға шақталған. Бұған дейін ауылда өткен ғасырда салынған ескі діни ғимарат болған. Ғибадат орнының құрылысына ауыл тұрғындары және елді мекенде дүниеге келген азаматтар мұрындық болыпты. Мешіттің лентасын Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Төлепов қиды. Сондай-ақ құрылысқа үлес қосқан азаматтарға Алғыс хат табыстап, мешіт имамына қасиетті Құран Кәрімді берді.