Мемлекеттік қызметкерлер ел рәміздер туралы не біледі? Республика күні қарсаңында Түркістанда мемлекеттік рәміздерді таныту мақсатында «Рәміздерім – мақтанышым!» акциясы өтті. Еріктілер облыс әкімдігінің басқармалары мен аймақтық департамент қызметкерлеріне сауалнама жүргізді. Онда мемлекеттік қызметкерлердің ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы білімі сынға түсті. Сұрақтарға дұрыс әрі мүдірмей жауап берген азаматтарға үстел жалаушалары сыйға тартылды. "Жұмыс үстеліндегі Мемлекеттік ту әрбір азаматтың патриоттық сезімін оятып, ұлт мүддесі үшін аянбай тер төгуге шақырады", - дейді шара ұйымдастырушылары. Акцияға облыстық қоғамдық даму басқармасы мұрындық болды.