«Өнер жолы – қиын жол. Оған талмайтын қанат, сарқылмайтын шабыт керек». Бұл ҚР халық әртісі, актер, режиссер Райымбек Сейтметовтың қалдырған өсиеті. Биыл театр тарланының туғанына 85 жыл. Оның өнерде жеткен жетістігінен бөлек, туған жеріне еткен еңбегі орасан. Тақыр жерден театр ашып, алғаш рет Түркістанда мәдениеттің шырағын жаққан өнер жанашырын бірге қызмет еткен қатарластары мен шәкірттері киелі шахарда еске алды.