Сталиндік репрессия жылдарынан 68 том кітап шықпақ. Түркістанда 1920-1950 жж. Сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды толық ақтау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстардың қорытынды конференциясы өтті. Шараға еліміздің беделді жоғары оқу орындарының профессорлары мен доценттері сондай-ақ тарихшы теологтар қатысып, жан-жақты баяндама жасады. Әрі студенттер назарына тың деректер ұсынып, тарихтан хабар берді. Конференция Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сай Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жайындағы тапсырмасы аясында іске асып отыр.