Елімізде репродуктивті денсаулықты сақтау апталығы басталды. Ондағы мақсат – халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы сауатын арттыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Апта аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады. Акцияға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен медиа тұлғалар белсенді қатысады. Өйткені ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау жағдайларын жасауға қатысты міндеттер 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты дамыту тұжырымдамасында белгіленген.