Жетісу төрінде өткен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада Түркістан облысының құрамасы жалпы командалық есепте топ жарған болатын. Бүгін спорттық додада жеңіске жеткендер мен жүлдегерлерге облыс әкімі Дархан Сатыбалдының атынан құрмет громатасы мен алғыс хаттар табысталды. Алғысқа бөленгендер қатарында кімдер бар? Әріптесім тарқатып айтсын.