Түркістан облысында республикалық «Тау fest» лагері өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден аса белсенді жас Төле би ауданындағы «Тау самалы» демалыс орнында бас қосты. Қатысушылар саф ауамен тыныстап, түрлі интеллектуалды ойындарда ой жарыстырды. Шарада облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Парламент мәжілісінің депутаттары Мақсат Толықбай, Елнұр Бейсенбаев, және Максим Рожин сынды халық қалаулылары да жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.