Төлеби ауданында республикалық «Zhas camp. Jastar academy» лагерінің ашылу салтанаты өтті. Жиынға қатысу үшін еліміздің 20 облысынан 300-ге жуық белсенді жас арнайы келген. Енді жиналғандар алдағы екі күн бойы панельдік сессиялар мен топтық жұмыстарға қатысады. Әрі сенбілік өткізіп, түрлі спикерлермен кездеспек. Сондай-ақ, жастар қоғамдағы белең алған проблемалар туралы сөз қозғап, өзара пікір алмасады. Ондағы басты мақсат - өскелең ұрпақтың отанға деген патриоттық сезімдерін оятып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.