Соңғы кездері шеге йогасы Қазақстанда да сәнге айналды. Оны кейде "садху терапиясы" деп те атап жатады. Әлеуметтік желіде шегеде тұрған кезінен сурет бөліскендер саны бірнеше мыңнан асады. Өткір шеге үстіне тұрып, шыдамдылығыңызды тексеру жаңа тренд пе, әлде депрессиядан арылудың психологиялық тәсілі ме? Бұл сауалдың жауабын тілшіміз анықтап көрді.