«Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлері халықтың емес, өздерінің әл-ауқатын арттыруға аянбай еңбек етуде! Депутат Ерлан Саиров бүгін Парламентте «Самрұқ-Қазынаның» еншілес «Самрұқ-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының басшылығы кәсіпорынның тапқан пайдасынан екі есе көп бонус алғанын масқарашылық деді. Кәсіпорын басшысы бір жылда 74,9 млн теңге, басшылық құрам 274 млн теңге бонус алған. «Самрұқ-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының еншілес кәсіпорны «КАЗ КЛОУД» компаниясының басшылары да өздеріне келгенде жомарт болып шықты. Аталған компаниясының менеджменті, компанияның таза пайдасы 61млн. теңге бола тұра, премия ретінде бір жылда 336 млн теңге алған.