Алматы облысында әскерден оралған жігітті достары тапаншадан оқ атып қарсы алған. Оқиға Қарасай ауданы, Көксай ауылында болған. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы бұзақыларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, суық қару арнайы сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізілуде.