Сарыағаш пен Мақтааралдың арасын жалғайтын теміржол салынады. Сондай-ақ, тұрғындар қауіпсіздігі мен көлік кептелісін болдырмау мақсатында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталады. Сондай-ақ, саялы өлкеде тұрғындардың 76 пайызы табиғи газға қол жеткізсе, 62 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Соңғы жылдары өлкедегі атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы тілші сюжетінен көрейік.