Сарыағаш ауданында халықтың 76 пайызы табиғи газға қол жеткізген. Ал, 60 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл аудандағы соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Жылыжайларымен танымал аймақта мемлекеттік бағдарлама сәтті жүзеге асырылып жатыр. Оқушылар үшін заманауи мектептер салынса, аудан тұрғындары баспаналы болуда.