Сарыағаштық саудагерлер қолы босай қалса кітап оқиды. Себебі қала орталығындағы базарда кітапхана жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ мұнда жақын маңда тұратын оқушылар да жиі келеді. Білім орталығында қандай кітаптар бар, ерекшелігі қандай толығырақ тілші тарқатсын. 13 жастағы Лаура Оразалының қолындағысы - Абдулхамид Мархабаевтың «Қызық қиял» кітабы. Әңгіме фантастика жанрында жазылған. 7 сынып оқушысы кітапты 2-3 күнде аяқтаймын деп отыр. Себебі оған оқиға сюжеті қатты ұнапты.