Сарыағаш қаласында салынып жатқан кәріздік тазарту қондырғысын аралап, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Осы ретте жауапты мамандарға сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істеуді тапсырып, экологиялық талаптардың сақталуына баса назар аударуды ескертті. Қазіргі таңда, кәріздік тазарту қондырғысының биореактор қабырғалары тұрғызылып, судың шығу құбыры орнатылған. Электр желісі тартылып, өндірістік ғимарат қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, кәріздік тазарту станциясы іске қосылған соң, сарқынды сулар экологиялық талаптарға сай тазартылып, өңірдегі су ресурстарының сапасы жақсарады. Бұл жергілікті экологияға елеулі пайда әкеледі деп күтілуде.