Енді банан мен папайя сынды жемістерді Түркістан облысының өнімі ретінде тұтына бастауымыз әбден мүмкін. Елдің теріскейінде ақ түтек боран болып, тұрғындар әбігерге түсіп жатқан болса, Сарыағаштық дихандар тропикалық аймақтарда ғана өсетін өсімдіктерден жеміс алуда. Банан мен папайяның бір түбі қанша өнім береді? Бұл сұраққа дәл қазір тікелей эфирге қосылғалы тұрған әріптесім Бексұлтан Бекпатшадан сұрап көрейік.