Түркістан облысында Қоныс аудару жәрмеңкесі басталды. Алдымен оны өңірдегі халқы тығыз орналасқан Сарыағаш, Сайрам аудандарында өткізу жоспарланған. Түркістан қаласының халқы да қамтамасыз етілетін болады. Жәрмеңкенің жайы толығырақ келесі бейнематериалда. Жәрмеңке аясында 6 өңір бойынша барлығы 11 657 бос орын ұсынылмақ. Олар - Абай, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстары. Солтүстік пен Шығыс аймақтары да бар. Солтүстікте көбіне мұғалім,. малшы, ауыл шаруашылығы техникасын айдайтын мамандар тапшы. Медицина мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер де жетіспейді.