Еліміздің оңтүстігінде індерінен шыққан сарышұнақтар көпшіліктің назарын өзіне аударуда. Негізі сарышұнақтар наурыз-сәуір айларында оянады екен. Дегенмен осы жылы індерінен ерте шыға бастаған. Кеміргіш аңдар жер құрғағанда бірақ індерінен шығады. Зоологтар бұл жануарлардың ылғалдылықты сүймейтінін айтып отыр.