Халықаралық алаш сыйлығының лауреаты, сатира саңлағы Мұхтар Шерім араға 30 жыл салып Түркістанға қайта табан тіреді. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі түрленген Түркістанның бейнесіне таңданысын жасыра алмады. Оның сөзінше, жаңа инфраструктура мен ғимараттар рухани шаһарды келбеті келіскен қалаға айналдырған. Сондай-ақ, сатирик Түркістан қаласының даму кезеңі енді ғана басталғанына сенімді.